Тампондар неден жасалады?

Біз сіздің өзіңізге жақсы күтім көрсеткіңіз келетінін түсінеміз. Жейтін астан бастап қолданатын жеке өнімдеріңізге дейін қауіпсіздік маңызды фактор болып табылады. TAMPAX өнімдеріне қатысты онымен келіспеуіміз мүмкін емес, өнімдерімізді көптеген жылдар бойы қауіпсіз пайдаланылған материалдардан жасап қана қоймай, осы қауіпсіздікті тұрақты қамтамасыз ету үшін өнімдер мен материалдарды үнемі сынақтан өткізіп тұрамыз.

TAMPAX өнімдері ағып кетуге қарсы сенімді қорғаныс пен жайлылық беретін материалдардың бірегей тіркесімін ұсынады. Төмендегі суретте көрсетілгендей, TAMPAX өнімдері үш басты элементтен құралады; сіңіргіш өзекше, оңай енгізуге арналған аппликатор және шығаруға арналған бау мен жіп тіркесімі.

Біздің өнімдерімізді күнделікті пайдаланатын миллиондаған әйелдер мұны сенімділікпен істей алатындарына көз жеткізу үшін қауіпсіздік кеңінен бағаланады. Мұндай бағалауды тампон қауіпсіздігін тексеру міндеті жүктелген тәуелсіз сарапшылар, оның ішінде дәрігерлер, ғалымдар және денсаулық сақтау органдары бақылайды. Біздің тампондарымыз OEKO-TEX® STANDARD 100 стандартымен сертификатталған, бұл қолданылған барлық материалдардың зиянды заттарды қамтымайтыны жөнінде растау сынағынан өткендігін білдіреді. OEKO-TEX® STANDARD 100 стандарты туралы толығырақ ақпарат алу үшін мұнда басыңыз.

Біздің тампондарымыздың қандай компоненттер мен материалдардан тұратынын және оның себебін білу үшін төмендегі кестені қараңыз. Әрбір франшизаның құрамын көру үшін кескіндерді сырғытыңыз.

картоны

ОРАМА

Сіз білесіз бе?

Полиэстр, полиэтилен және полипропилен секілді синтетикалық талшықтар спорттық киімдердегідей жұмсақ әрі жоғары тиімділіктегі талшықтар ретінде пайдаланылады, әртүрлі тұтыныс және жеке күтім өнімдерінде олар қауіпсіз қолданыс тарихына ие болған.

Тампонның бүтіндігін сақтап, біркелкі шығаруға көмектеседі

Сіңіргіш өзекше

Сіз білесіз бе?

Район жиі вискоз деп аталады, бұл материал шәй қалташалары мен күнделікті киімдер секілді әртүрлі бұйымдарды жасау үшін қолданылады. Мақта тұрақты түрде өндіруші Barnhardt компаниясынан алынады және ол OEKO-TEX® STANDARD 100 стандартымен сертификатталған.

Етеккір сұйықтығын сіңіру және сақтау арқылы қорғаныс береді

Жіп

Сіз білесіз бе?

Полиэстр, полиэтилен және полипропилен секілді синтетикалық талшықтар спорттық киімдердегідей жұмсақ әрі жоғары тиімділіктегі талшықтар ретінде пайдаланылады, әртүрлі тұтыныс және жеке күтім өнімдерінде олар қауіпсіз қолданыс тарихына ие болған.

Тампонды шығару үшін қолданылады

Бау

Сіз білесіз бе?

Мақта тұрақты түрде өндіруші Barnhardt компаниясынан алынады және ол OEKO-TEX® STANDARD 100 стандартымен сертификатталған.

Жіпті сіңіргіш өзекшеге байлау үшін қолданылады

Аппликатор

Сіз білесіз бе?

Біздің картон аппликаторларымыз тығыз оралған қағаздан жасалады.

Тампонды оңай енгізуге көмектеседі

Өзіңіз қолданатын TAMPAX тампонының нақты құрамы туралы толығырақ білгіңіз келе ме?

TAMPAX тампондарыҚұрамы
TAMPAX Cardboard Regular/Super/Super Plusрайон, полиэстр және мақта
TAMPAX Compak Lites/Regular/Super/Super Plusрайон, полиэстр және мақта
TAMPAX Pearl Regular/Superрайон, мақта, полипропилен, полиэтилен және полиэстр
TAMPAX Pearl Super Plusрайон, полипропилен, мақта, полиэтилен және полиэстр
TAMPAX Pearl Compak Regular/Superрайон, мақта, полипропилен, полиэтилен және полиэстр
TAMPAX Pearl Compak Super Plusрайон, полипропилен, мақта, полиэтилен және полиэстр
TAMPAX Radiant/Platinum Regular/Superрайон, мақта, полипропилен, полиэтилен және полиэстр
TAMPAX Cotton Comfort Regular/Superмақта өзекше, полипропилен және полиэстр
TAMPAX Cotton Protection Regular/Superорганикалық мақта өзекшесі, полипропилен және полиэстр

Бізге қойғыңыз келген сұрақтарыңыз бар ма?

Тампон компоненттері қауіпсіз бе?

Иә, біздің тампондарымыз қауіпсіз және күнделікті миллиондаған әйелдер тарапынан қауіпсіз пайдаланылады. Қауіпсіздікті бағалау бойынша біз орындайтын шаралар мен біздің компоненттеріміз үнемі дәрігерлер, университет ғалымдары және денсаулық органдары секілді тәуелсіз сарапшылар тарапынан тексеріліп отырады, оларға тампон қауіпсіздігін бақылау міндеті жүктелген және олар біздің тампондарымыздың қолданыста қауіпсіз екенін растады. Біздің тампондарымыз бен олардың компоненттері бойынша тәуелсіз зертханалар тарапынан жыл сайын 10 000-нан астам сынақ өткізіледі және өндірісте қолданар алдында тампон материалдарының сапасы бойынша 1000-нан астам сынақ орындалады. Біздің тампондарымыз OEKO-TEX® STANDARD 100 стандартымен сертификатталған, бұл қолданылған барлық материалдардың зиянды заттарды қамтымайтыны жөнінде растау сынағынан өткендігін білдіреді. OEKO-TEX® STANDARD 100 стандарты туралы толығырақ ақпарат алу үшін мұнда басыңыз.

ТАМПОНДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАР

TAMPAX компоненттері туралы сұрақтар

Себебі тампондардың құрамы сіз үшін қаншалықты маңызды болса, біз үшін де соншалықты маңызды.

Аппликатор қандай қызмет атқарады және ол неден жасалады?

Аппликатор сізге тампонды оңай енгізуге көмектеседі. Біздің пластик аппликаторларымыз қайта өңдеуге болатын материалдан (Полиэтилен/Полипропилен) жасалады және картон аппликаторларымыз да қайта өңдеуге болатын тығыз оралған қағаздан жасалады. Аппликаторларда қолданылатын түс тағам өнімдерінің қаптамасы мен косметика секілді өнімдердің кең ауқымында жалпылай пайдаланылатын қауіпсіз, гипоаллергенді пигменттерден тұрады.

Сіңіргіш өзекше қандай қызмет атқарады және ол неден жасалады?

Сіңіргіш өзекше етеккір сұйықтығын сіңіру және сақтау арқылы қорғаныс береді. Ол район мен мақтадан жасалады. Район жиі қалпына келтірілген вискоз деп аталады, бұл материал шәй қалташалары мен күнделікті киімдер секілді әртүрлі бұйымдарды жасау үшін қолданылады. Мақта тұрақты түрде өндіруші Barnhardt компаниясынан алынады және ол OEKO TEX® STANDARD 100 стандартымен сертификатталған.

Сіңіргіш өзекшенің айналасындағы мата қандай қызмет атқарады және ол неден жасалады?

Сіңіргіш өзекшенің айналасындағы мата тампонды бірқалыпты шығаруға көмектеседі. Ол жиі спорттық киімдерде қауіпсіз қолданылатын талшықтарға ұқсас жұмсақ әрі жоғары өнімділіктегі талшықтар ретінде пайдаланылатын полиэстр, полиэтилен және полипропилен секілді синтетикалық талшықтардан жасалады.

Жіп қандай қызмет атқарады және ол неден жасалады?

Жіп тампонды шығару үшін қолданылады және ол мақтадан және/немесе спорттық киімдерде қауіпсіз қолданылатын талшықтарға ұқсас жұмсақ әрі жоғары өнімділіктегі талшықтар ретінде жиі пайдаланылатын полиэстр, полиэтилен және полипропилен секілді синтетикалық талшықтардан жасалады.

Бау қандай қызмет атқарады және ол неден жасалады?

Бау жіпті сіңіргіш өзекшеге байлау үшін қолданылады және ол мақтадан немесе спорттық киімдерде қауіпсіз қолданылатын талшықтарға ұқсас жұмсақ әрі жоғары өнімділіктегі талшықтар ретінде жиі пайдаланылатын полиэстр, полиэтилен және полипропилен секілді синтетикалық талшықтардан жасалады.

Сіздің тампондарыңыз тітіркену немесе аллергия тудырады ма?

Өнімдерімізді қауіпсіз пайдалануға болатынына көз жеткізу үшін олардың бәрі тері қауіпсіздігі бойынша қатаң бағалаудан өтеді. Біздің тампондарымызда қолданылатын хош иістер хош иістер қауіпсіздігі жөніндегі әлемнің жетекші мекемесі болып табылатын Халықаралық хош иістер қауымдастығы тарапынан орнатылған қатаң қауіпсіздік СТАНДАРТТАРЫНА сай келеді. Біздің өнімдеріміз иіссіз тампондарды таңдайтындар үшін анық таңбаланған.

ТАМПОН КОМПОНЕНТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР

Себебі, бұл сіз үшін қаншалықты маңызды болса, біз үшін де соншалықты маңызды.

Сіздің тампондарыңыз неге 100 % мақтадан жасалмайды?

Барлық TAMPAX өнімдері неден жасалғанына қарамастан, қатаң қауіпсіздік және тиімділік СТАНДАРТТАРЫНА сәйкес келеді. Біздің тампондарымыз қорғаныс пен жайлылықтың оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету үшін әзірленген. Мақта мен районды пайдалану бізге барлық қажеттіліктерді қанағаттандыратын тампондарды жеткізуге көмектеседі. TAMPAX 1936 жылы біздің құрылғанымыздан бастап мақтадан, районнан немесе мақта мен районның араласуынан жасалған өнімдерді ұсынуда.

Пластик аппликаторлардың құрамында ДФП (бисфенол А) бар ма?

Жоқ. TAMPAX пластик аппликаторлары ДФП қамтымайтын пластиктан жасалады.

TAMPAX тампондары «суперсіңіргіш» материалдан жасалған ба?

Жоқ, біздің тампондарымыз ешқандай «суперсіңіргіш» материал қамтымайды.

TAMPAX тампондары хлормен ағарту әдісі арқылы жасалады ма?

Жоқ, TAMPAX өнімдерінде қолданылатын сіңіргіш талшықтар элементарлық хлор қолданбайтын ағарту процесі арқылы жасалады.

TAMPAX материалдары неге ағартылады?

Ағарту — талшықты тазалауға және кіршіксіздендіруге арналған техникалық термин. Мақта мен районды кіршіксіздендіру ластықтарды кетіріп, талшықтарды тазалау үшін орындалады. Талшықтардың ағаруы бұл процестің мақсаты емес, нәтижесі болып табылады.

Тампондар улы дәрежеде диоксин көлемін қамтиды деп естідім. Бұл шын ба?

Жоқ, мақта мен районды кіршіксіздендіру элементарлық хлор қолданбайтын және диоксин шығармайтын процесс болып табылады. АҚШ-тың Тағам өнімдері мен дәрілік заттардың сапасын бақылау басқармасы бұл тақырыпты өзінің веб-сайтында жолдаған. Олардың тампон туралы ақпаратын көру үшін мына веб-сайтқа кіріңіз. https://www.fda.gov/ForConsumers/ConsumerUpdates/ucm612029.htm Бүгінгі кезде сатылатын тампондарда қолданылатын сіңіргіш талшықтар элементарлық хлорды пайдаланбайтын ағарту процесі арқылы жасалады, бұл сондай-ақ, өнімдердің қауіпті дәрежеде диоксин (қоршаған ортада орын алатын ластағыш түрі) қамтуын болдырмайды.

TAMPAX тампондарында асбест бар ма?

Жоқ, TAMPAX тампондары ешқашан асбест қамтымаған. Қосымша ақпарат алу үшін олардың веб-сайтын қараңыз. https://www.fda.gov/ForConsumers/ConsumerUpdates/ucm612029.htm

АҚШ-тың Тағам өнімдері мен дәрілік заттардың сапасын бақылау басқармасы Диоксин, Асбест, Район және Уытты шок синдромы жөніндегі мәселелер туралы не айтады?

АҚШ-тың Тағам өнімдері мен дәрілік заттардың сапасын бақылау басқармасы бұл тақырыптарды өзінің веб-сайтында жолдаған. Олардың тампон туралы ақпаратын көру үшін мына веб-сайтқа кіріңіз. https://www.fda.gov/ForConsumers/ConsumerUpdates/ucm612029.htm Бүгінгі кезде сатылатын тампондарда қолданылатын сіңіргіш талшықтар элементарлық хлорды пайдаланбайтын ағарту процесі арқылы жасалады, бұл сондай-ақ, өнімдердің қауіпті дәрежеде диоксин (қоршаған ортада орын алатын ластағыш түрі) қамтуын болдырмайды.

Сіздің тампондарыңызда глифосат секілді пестицидтер немесе гербицидтер бар ма?

Жоқ, біздің мақта жеткізушіміз талшықтарымыздың глифосат қамтымайтынын растайды. Онымен қатар, бар болған жағдайда да, біздің жеткізушілеріміз мақтада қалып қойған пестицидтерді/гербицидтерді жоятын (немесе кетіретін) тазалау және кіршіксіздендіру процестерін қолданады.